Қоғам

Жетісуда жол апатынан үш адам көз жұмды

Жетісу облыстық ПД

Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды

Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты болып, үш адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған, — деп жазды өңірдегі полиция департаментінен.

Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ведомство жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.