Қоғам

Астанада 1 ақпаннан «Елорда жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталады

Ашық дереккөз

Банк барлығы 80 несие береді

2024 жылдың 1-6 ақпан күндері аралығында "Елорда жастары" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау жүргізіледі, деп хабарлады turkystan.kz Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Өтінімдерді қабылдау 1 ақпаннан бастап сағат 09.00-ден 6 ақпанға дейін сағат 23.59-ға дейін электрондық түрде birge.astana.kz порталы арқылы жүзеге асырылады (өтінім беру жөніндегі нұсқаулық zhilfond.kz сайтының осы бағдарлама бойынша хабарландыруында, "Жаңалықтар" бөлімінде орналастырылған).

Бағдарлама "Отбасы банк" АҚ арқылы елордада бастапқы/қайталама нарықта өз пәтеріңізді сатып алуға мүмкіндік береді.

Банк барлығы 80 несие береді.

Бағдарламаның шарттары:

- қарыздың ең жоғары сомасы - 18 млн теңге;

- бастапқы жарна - 10%;

- қарыз бойынша мөлшерлеме - жылдық 5%;

- несиелеу мерзімі 25 жылға дейін.