Туристің басты арманы – бейбітшілік

Жуырда Францияның атқамінерлері дабыл қақты. Елдегі Туризм жөніндегі аумақтық комитеттің дерегінше, 2016 жылы Парижге келген туристер саны қаланың 2015 жылғы қонақтарынан 1,5 млн адамға азайып кеткен.  2015 жылдың қарашасында болған терактінің салдары бұл. Бірінен соң бірі болған лаңкестік шабуылдардан кейін туризмі тұралаған Түркия да осы күні шетелдіктерді қызықтырудан қалған.

«Эйфелімен», хош иісі мұрын жаратын иіссуларымен әлемге аты жайылған Франция астанасы қысы-жазы қонақтан босаған емес. Парижді бір көру үшін жыл сайын әлемнің әр түкпірінен миллиондаған турист келеді. Алайда 2015 жылдың қарашасында болған лаңкестік шабуылдан соң қала тынысы айтарлықтай өзгерді. Әсіресе, шаһар қазынасының ғана емес, ел экономикасының тірегі болып отырған туризм саласы қалыпты жүрісінен жаңылды. Бір жыл ішінде Парижге келген  туристер саны 1,5 млн адамға азаюы соның айғағы. Туризм жөніндегі аймақтық комитеттің есебінше, қонақтар санының кемуі салдарынан қаланың жылдық табысы 1,3 млн еуроға қысқарған. Қонақүйлерден алынған статистика да көңіл көншітерлік емес. Париж қонақүйлеріндегі бөлмелерге тапсырыс берген шетелдіктер саны 8,8 пайызға азайса, жергілікті адамдардың саны 4,7 пайызға кеміген.

Париж қонақтарының ішінде, әсіресе, қытайлықтардың үлесі күрт азайыпты. Францияның туристік рейтингінде бұл ел үшінші орында тұрғанына қарамастан, Қытайдан келетін туристер саны 268 мыңға, яғни 2015 жылғы көрсеткіштен 21,5 пайызға азайған. Жапониялық туристер де Парижге қонақ болуды сиретті. 2016 жылы Франция астанасына келген жапондар қатары 2015 жылғыдан 225 мың адамға (41,2 пайыз­) кем. Қалаға қонақ болған жапондар мен қытайлар өзге турис­терге қарағанда қымбат сыйлықтар алуға, мейрамханалар мен ойын-сауық орталықтарында демалуға ақшаны көбірек жұмсайтынын ескерсек, олардың Парижге келуді азайтуы француздардың табысын айтарлықтай кемітті.

Кәрі құрлықтан келетіндердің қарасы да бұрынғыдай қалың емес. Италиялық туристер саны 26,1 пайызға кемісе,  ұлыбританиялықтар 8,6 пайызға, испандар 9,9 пайызға азайған. Ресейден келетіндер нөпірі 65 мыңға (27,6 пайыз) қысқарыпты. Ал Францияға келетін туристерінің саны жөнінен бірінші орында тұрған мемлекет – АҚШ тұрғындары 100 мыңға (4,9 пайыз) кеміген.

Музейлердің мұңы бір

Туристік жағдайдың қиындағанын қаладағы музейлердің тынысынан да көруге болады. Шетелдік қонақтардың азаюынан, әсіресе, Париждің атақты музейлері «Лувр» мен «Орсе» қатты зардап шекті. Қаланың екі жетекші мұражайы мен «Версале» музейіне келушілер саны 13-15 пайызға кеміді. Тек Помпиду орталығындағы Заманауи өнер музейінің ғана табысы артқан. Аталмыш өнер ордасына келушілердің көп болуына Пауль Клее мен Рене Магрит жұмыстарының көрмесі ықпал етті. Неміс суретшісінің шығар­машылығымен танысуға 400 мың адам келсе, Магрит суреттерін күн сайын 6 мыңнан астам адам тамашалайды.

5 қаңтарда жарияланған деректерге сүйенсек, өткен жылы «Луврда» 7,3 млн адам болған. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 15 пайызға кем. Музей директоры Жан-Люк Мартинезаның айтуынша, шетелдік туристер санының  азаюы салдарынан «Лувр» 10 млн еуро табысын жоғалтып отыр. France-Presse басылымының жазуынша, соңғы екі жылда музей қонақтарының саны 2 миллионға кеміді. Бұлай жалғаса беретін болса, «Лувр» «әлемнің жетекші музейі» деген атағынан айрылуы ғажап емес.

«Версале» дирекциясы Жапо­ния­дан келетін қонақтар санының күрт кемігеніне алаңдаулы. Десе де, жапондар музейге көп келетін қонақтар арасында  қытайлар мен америкалықтардан кейінгі үшінші орында.

Өткен жылы «Орсе» мұражайына 3 млн адам ғана келген, яғни мұражай қонақтарының саны 13 пайызға қысқарды. Жағдайдың аздап оңалуына Анри Руссоның көрмесі көмектесіпті. Атақты кеденшінің шығармашылығымен танысуға 1,5 млн адам келген.

2015 жылдың соңынан 2016 жылдың екінші жартысына дейін қонақтарының саны кеми берген Париж музейлерінде мешін жылының соңында ғана кісі қарасы көбейе бастады. Биыл қалаға келетін туристер саны артса, жергілікті мұражайлар жоғалтқан табысының орнын толтыруға ниетті.  Шетелдік қонақтарды көптеп тарту мақсатында «Лувр» Вермеер мен голландықтардың көрмесін өткізуді жоспарлап отыр. Көктемде «Орсе» музейінде Ван Гог пен Монет көрмелері ашылады.

       Түркияның туристік тартымдылығы азайды

Өткен жылы бүкіл әлемнің үрейін ұшырған Түркиядағы лаңкестік шабуылдардан соң туристік әлеуеті жоғары ел шетелдік қонақтар үшін тартымдылығын жоғалтты. 2016 жылы Түркияға келген туристер саны 25,35 млн адамды құрады, бұл 2015 жылғы көрсеткіштен 30 пайызға кем. Соңғы жылдардағы ең ірі құлдырау деп танылған бұл көрсеткіш мемлекеттің экономикалық әлеуетіне әсер етпей қоймады.

Түркияның мәдениет және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы елге келген туристердің басым бөлігі –  Германия (3,89 миллион), Грузия (2,21 миллион) және Ұлыбритания  (1,71 миллион) азаматтары. Жерорта теңізінің жағалауында демалуға Ресейден небәрі 866 мың адам келсе керек. Яғни ресейлік турис­тер саны 2015 жылғы көрсеткіштен 76,3 пайызға азайып кеткен.

Түркиядағы шетелдіктер ең жиі баратын қалалар үштігіне Стамбұл (9,22 миллион), Анталья (5,95 миллион) мен Эдирне (2,85 миллион) кіреді. Төлем балансы тапшылығын азайтудың негізгі көзі болғандықтан, түріктердің тірлігі туризмнен түсетін табысқа тікелей тәуелді. Шетелдік қонақтардан түскен пайда өткен жылы 2015 жылмен салыстырғанда 29,7 пайызға азаюы ел билігінің мазасын қашырды. Террористік қауіптен бөлек, Түркия туризмінің тұралауына Ресеймен арадағы кикілжің де айтарлықтай әсер етті. 2015 жылдың қарашасында түріктер ресейдің СУ-24 бомбалаушы ұшағын атып түсірген соң екі ел арасындағы чартерлік әуе тасымалдары тоғыз ай бойы тоқтап тұрды.  2016 жылдың басында Түркияға барған ресейлік туристер легі 90 пайызға кемігені сондықтан.

Тек 2016 жылдың жазында, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей көшбасшысы Владимир Путинге хат жазып, атып түсірілген ұшақ үшін өкінішін білдіргеннен кейін ғана жағдай оңала бастады. 30 маусымда В.Путин Түркияға чартерлік тасымалдардың жасалуына салынған тыйымды алып тастау туралы жарлыққа қол қойды. Ал РФ үкіметі 28 тамызда тиісті қаулы шығарғаннан кейін алғашқы чартер 2 қыркүйекте әуеге көтерілді.

Теракт һәм баспана нарығы

Лаңкестік шабуылдардың әлемді үреймен үйіргеніне талай жылдың жүзі болды. Алайда оқиғалар ұмытылады, адамдар шекара асуды жалғастырады және сұраныстан уақытша айырылған баспана нарығы қалыпты тірлігіне қайта көшеді – әрине, егер ішкі сұраныс мықты болып,  шетелдік туристердің сұранысына тікелей тәуелділік болмаса.

Туризмге тәуелділік жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаны шарықтатып жібереді. Өйткені турис­тер легі мен баспана сатып алушылар саны арасында өзара ықпалдастық бар және пәтерлерді қысқа мерзімді жалға алу нарығы тұтастай алғанда жылжымайтын мүлік нарығына ықпал етеді. Демалушылар көп баратын елдерде баспана сатылымы жоғары. Сәйкесінше, егер туристер легі азайса, ерте ме, кеш пе, бұл жылжымайтын мүлік нарығына салқынын тигізеді. Лаңкестік шабуылдар қаупі сейілсе, ел көру, жер көруге құмар шетелдіктер қайта ағыла бастайды. Соның арқасында экономикасы туризмге аса тәуелді емес мемлекеттердегі баспана нарығы терактіден кейін тез ес жияды.

Тіршілігі туристерге жіпсіз байланған елдердің көшін Египет, Тунис, Түркия бастап тұр. Мәселен, 2015 жылдың маусымында Сус шипажайындағы террорлық акті Тунистің жылжымайтын мүлік нарығын тұралатты. 2011 жылы болған мемлекеттік төңкерістен («Араб көктемі») кейін шетелдіктер Египетке де, Туниске де ат ізін салмай кеткен еді. 2015 жылдың қарашасында Синай түбегінің маңында ресейлік ұшақ атып түсірілгеннен кейін Ресей, Германия мен Ұлыбритания өз азаматтарына Египетке баруға тыйым салды. Салдарынан 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Мысырға ағылатын туристер легі 2015 жылмен салыстырғанда 40 пайызға азайып кетті.

Соңғы екі жылда туризмнің тұралауынан Түркияның жылжымайтын мүлік нарығы да  айтарлықтай зардап шекті. Өткен жылдың шілде айындағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін айтпағанның өзінде, елде бірнеше лаңкестік шабуыл жасалды. Стамбұлдың Сұлтанахмет алаңындағы жарылыс, елдің оңтүстік-шығысында миналанған автобустың жарылуы, Анкараның автобус аялдамасындағы террорлық акті, «Ататүрік» әуежайындағы халықаралық терминалдағы жарылыс – мұның бәрі туризмнің, сәйкесінше ел экономикасының кері кетуіне себеп болды. 2016 жылдың сәуірінде Түркияға келген туристер саны 28 пайызға құлдырады, бұл – соңғы 10 жылдағы антирекорд.

Терактілерден үріккен шетел­діктер осы күні Түркиядан үй сатып алуға  асықпайтын болған. Елдегі жағ­дайдың тұрақталуын күтіп, әліптің артын бағып отырғандар көп. 2016 жылдың қаңтары мен мамыр айлары аралығында Түркиядағы жылжымайтын мүлікке тапсырыстар саны 2015 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 5 есе кеміген.

Лаңкестік шабуылдар жиі болса да, жылжымайтын мүлік нарығы зардап шеге қоймайтын мемлекеттер бар. Мұндай елдердің экономикасы шетелдік туризмге тәуелді емес. Олардың қатарына Ресей мен Израильді жатқызуға болады. 1990 жылдан бері Ресейде терактісіз өткен жыл жоқ десек, қателеспеспіз. Соңғы жылдардағы ең ірі лаңкестік шабуылдарды еске түсіріп көрелік. 2002 жылы шешен содырлары Мәскеуде Дубровкадағы Театр орталығын басып алды, салдарынан 130 адам қаза тапты. 2010 жылы Ресей астанасындағы Сокольническая линияда болған жарылыс 41 адамның өмірін жалмаса, 2011 жылы «Домодедово» әуежайындағы жарылыстан 37 адам көз жұмды. Елде қайғылы оқиғалардың көп болуына қарамастан, олар жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдайды өзгерте қоймады. Өйткені Ресейде шетелдік сатып алушылардың үлесі өте аз, керісінше, ішкі сұраныс жоғары.

Израильге келер болсақ, 2000 жылдан бері лаңкестік шабуылдардан әскери қызметкерлерді қоспағанда 1000-нан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Қауіп-қатердің сейілмей тұрғанына қарамастан, елдегі баспана бағасы құлдыраған жоқ. Жергілікті мамандардың айтуынша, жылжымайтын мүлік құны жылдан жылға өсіп келеді. Құрылыс қарқыны да артқан. Бұған ішкі және сыртқы сұраныстың жоғары болуы себеп. Сондықтан Израильде терактілердің саны мен жиілігі жылжымайтын мүлік нарығындағы өзгерістерге әсер етпейді деуге негіз бар. Десе де, ірі оқиғалардың мүлік саудасына ғана емес, елдің тұтастай дамуына ықпал ететінін жоққа шығаруға болмас. Мәселен, 2006 жылдың шілде, тамыз айларында болған Израиль мен Хезболла арасындағы кикілжің тұтынушылар мен инвесторлардың сеніміне селкеу түсірді. Салдарынан баспанаға сұраныс та, тапсырыс та күрт құлдырады. Бірақ 2007 жылдан бастап нарыққа қайтадан жан біте бастады.

Экономикасының әлеуеті зор болғандықтан, АҚШ-тың жылжымайтын мүлік нарығы террорлық актілердің зардабын тартқан емес. 1997 жылдан 2006 жылға дейін Нью-Йорктағы тұрғын үйлер құны тұрақты өсті. Тіпті 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі терактіден соң да бас­пана бағасы құлдыраған жоқ. Атышулы оқиғадан 2 айдан кейін-ақ нарық қалыпты даму жолына түсті.  Ішкі сұраныс жоғары болғандықтан ірі лаңкестік шабуылдың өзі АҚШ-тағы тұрғын үй құнына кері әсерін тигізе алмады. Алайда туристік нарық айтарлықтай зардап шекті. Шетелдік туристерден түскен қаражат көлемі 2000 жылы 17 млрд АҚШ долларын құраса, 2001 жылы 15 млрд доллар, 2002 жылы 14 млрд долларға дейін түсіп кетті. Тек 2003 жылы ғана АҚШ-қа қонақ болып келген шетелдіктер ел қазынасына 18 млрд доллар құйды.

2015 жылдың қарашасында Парижде болған теракті де жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаны құлдырата қоймады. 2015 жылдың IV жартыжылдығында қаладағы баспана бағасы шамамен 0,4 пайыз көтерілсе, 2006 жылдың І жартыжылдығында 1,2 пайызға артқан. Тіпті атышулы оқиға болған «Батаклан» театры орналасқан 11-округтың өзінде бағалар 0-5 пайыз аралығында көтерілген. Соңғы жылдары Франциядағы жылжымайтын мүлік нарығындағы 4 пайызға дейінгі ауытқу қалыпты құбылыс саналады.

Қалай десек те, оқиғалар мен құбылыстар арасындағы өзара тәуелділіктің болуы заңды. Алайда нарықтың өсіміне оң әсер ететін және кері ықпал ететін оқиғаларды шатастыруға болмайды. Мәселен, Израиль нарығында өсім бар, алайда бұл терактілердің кері әсері жоқ деген сөз емес. Лаңкестер ойран салмаса, нарықтың өсу қарқыны қазіргіден де жоғары болатынын ұққан жөн.  Францияда да дәл осы жағдай: лаңкестік шабуылдар болмағанда елге келетін туристер легі көбірек болып, баспана сұранысы жоғары болар еді. Сәйкесінше жылжымайтын мүлік бағасының өсімі де айқын білінері күмәнсіз болатын.

Редакция таңдауы

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...
dabyldy

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9...
photo 79180

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021...
photo 79186

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір...

Жаңалықтар

Дабылды ескерту жарияланды

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қазгидромет синоптиктері Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің 9 облысында дабылды ескерту жариялады. 8 наурызда Нұр-Сұлтанда көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады деп...

Алматы облысының дәрігер қыз-келіншектері марапатталды

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған көп салалы ауруханасына барып, облыстағы денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүрген, індетпен күресте алдыңғы шепте болған бірқатар нәзік...

Дзюдодан париждегі Grand Slam турнирі қазан қаласына ауыстырылды

Дзюдодан 5-7 мамыр күндері Парижде өтуі тиіс Grand Slam турнирі Қазан қаласына ауыстырылды. Бұл туралы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметі хабарлайды.  Франция тарапының...

Жансай Смағұлов Grand Slam турнирінің күміс медалын иеленді

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында бақ сынаған Қазақстан балуаны Жансай Смағұлов турнирдің күміс жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 73 келіде сынға түскен...

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...