Балықты қаншалықты жиі жеу керек – дәрігер кеңесі
Дәрігердің айтуынша, ет тағамдарын толығымен балықпен алмастыруға болмайды.
Балықты аптасына кемінде екі-үш рет тұтыну керек. Алайда диетолог-дәрігер, терапевт Александра Разаренованың айтуынша, етті арнайы медициналық көрсетілімсіз теңіз өнімдерімен толық алмастыруға болмайды.
«Балық ақуызы тез, яғни екі-үш сағат ішінде сіңеді. Сондай-ақ балық жүрек-тамыр жүйесі ауруларына өте пайдалы. D, А, Е дәрумендерінің, В дәрумендерінің және селен, фосфор, магний, натрий және калий секілді маңызды минералдарға бай», – деп түсіндірді маман.
Дәрігердің айтуынша, ет тағамдарын толығымен балықпен алмастыруға болмайды.Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, әр түрлі тамақтану организм қабылдаған амин қышқылының жылдамдығын арттырады. Екіншіден, ет құрамында темір және В12 дәрумені бар. Олар ағзаға оңай сіңеді.
«Егер тамақ рационынан етті толығымен алып тастап, балықпен алмастырсаңыз, онда организмді басқа да пайдалы өнімдермен қамтамасыз етуіңіз керек. Бірақ олардың қалыпты сіңуі үшін асқазан-ішек жолдарының тұрақты жұмысы қажет», – деді диетолог.
Десе де, еттен бас тарту қажет болса, рационды қайта қарап, адамның өмір салтын ғана емес, сонымен бірге организмнің жеке ерекшеліктерін де ескеру отырып, диета ұстау қажет.
«Жеке ерекшеліктерді, жасын, жынысын, физикалық және интеллектуалдық жүктеме деңгейін, өмір салтын ескеру қажет», – деп толықтырды Разаренова.