Жаңалықтар

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады?

egemen.kz

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

«Қазгидромет» РМК 27-29 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің мәліметінше,  атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

«Солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын болады. Оңтүстік облыстарда жаяу бұрқасын, қар аралас жаңбыр түрінде жауын-шашын болады», - делінген хабарламада.  

29 қаңтарда оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын жауып, көктайғақ болады, тұман күтіледі.