T-Newspaper

«Túrkistan»-­ның қадірі қашанда жоғары – Мәулен Әшімбаев

turkystan.kz

«Túrkistan» газеті – қазақ баспасөзінің қабырғалы ор­дасы, ұлт руха­ния­тын күзетіп отырған қадірлі шаңы­­­рақ. Азаттықтың алғашқы жылдарында ашылған халық­ара­лық апталық қа­зіргі таңда алаш жұртына аты мәшһүр абыройлы БАҚ өкіліне айналды.

Құрметті «Túrkistan» газетінің ұжымы! 

Сіздерді басылымның 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. «Túrkistan» газеті – қазақ баспасөзінің қабырғалы ор­дасы, ұлт руха­ния­тын күзетіп отырған қадірлі шаңы­­­рақ. Азаттықтың алғашқы жылдарында ашылған халық­ара­лық апталық қа­зіргі таңда алаш жұртына аты мәшһүр абыройлы БАҚ өкіліне айналды.  Тәуелсіздікпен тел өсіп, тең дамып келе жатқан ба­сылым бетінде Қал­тай Мұхамеджанов, Шәмшидин Пат­­теев, Жаңабек Шағатай секілді қарым­ды қалам­герлер қ­аламының ізі қалды.  Қазақ қара сөз өнерін қызғыштай қорыған қалам­гер­лер өз алдына мек­теп болып, жаңа толқын талантты жур­налистерді тәрбиелеп шы­ғарды. Өзінің дара жолын тауып, қалың оқырманын қалып­тастырған бірегей басылым ретінде «Túrkistan»­ның қадірі қашанда жоғары.  Қазіргі таңда белгілі журналист Бауыржан Бабажан­ұлы бастаған ба­сы­лым ұлттық мүддені көздейтін мәсе­лелерді қозғап, төл құнды­лық­тары­мыздың төрге озуына үлкен үлес қосып келеді. Алдағы уақытта да га­зеттің болашағы жарқын болады деп сенеміз және соған тілектестігімізді біл­діреміз.  Қадірлі газет ұжымы! Сіздерді басылымның мерей­тойымен құт­тық­тай отырып, зор денсаулық және шығармашылық табыс тілеймін.  Қаламдарыңыздан құт кетпесін. Ұлттың үнін жаң­ғырту жолындағы қас­терлі сапарларыңыз ұзағы­нан болғай! 

Ізгі ниетпен,  Сенат төрағасы  М.Әшімбаев