Спорт

Странджа турниріне қатысатын Қазақстан боксшылары белгілі болды

ашық дереккөз

Жарыс Болгарияда 2-12 ақпан күндері өтеді.

«Кіші әлем чемпионаты» саналатын дәстүрлі «Странджа кубогы» турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz BasSportzkz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс Болгарияда 2-12 ақпан күндері өтеді.  

51 кг: Санжар Тәшкенбай

54 кг: Дәулет Молдашев

57 кг: Оразбек Асылқұлов

60 кг: Руслан Күзеубаев

63,5 кг: Ерасыл Таңқай

67 кг: Дулат Бекбауов

71 кг: Талғат Шайкен

75 кг: Нұрқанат Райыс

80 кг: Тұрсынбай Құлахмет

86 кг: Абзал Құттыбеков

Былтыр елімізден 57 келідегі Оразбек Асылқұлов — күміс, 75 келідегі Нұрқанат Райыс — қола жүлде алған еді.