Қоғам

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның денесі табылды

Мәліметті облыстық полиция департаменті растады.

Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның денесі шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, полиция оның жеке басын анықтады.

Әлеуметтік желіде Қамзин көшесінде кәріз құдығында ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Бұл мәліметті облыстық полиция департаменті растады. 

Сараптама тағайындалды. Оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.