Жаңалықтар

Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады

Институт теңіздің экологиялық және су деңгейінің төмендеу проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін зерттейтін болады.

Үкімет Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген институт құру туралы қаулыны бекітті.

Ғылыми-зерттеу институты Каспий теңізінің экологиялық, су деңгейінің төмендеу проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау мәселелерін, ихтиофаунаны, Каспий су айдыны мен жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ, Каспий аумағындағы шекаралас мемлекеттердегі әріптестерімен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз ететін болады.

Институт Каспий теңізінің экожүйесі туралы шынайы және жан-жақты ақпарат береді. Бұл деректер мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болады. Ғылыми ұйым құру сонымен қатар Каспийді сақтау жөніндегі халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық көлемде орындауға мүмкіндік береді.