Спорт

Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатында ширек финалдан ары аса алмады

prosports.kz

Омарханов 1 эйспен ғана шектелді.

Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына өте алмады, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz сайтына сілтеме жасап.

Жасөспірімдер арасында әлемнің 27-ракеткасы, 16 жасар Әмір Омарханов ширек финалда рейтингіде өзінен екі саты жоғары тұрған құрдасы, нидерландық Мес Роттгерингпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда екі брейк жасаған нидерландық алдан көрінді – 6:2. Оның қарқынына төтеп беру екінші сетте де мүмкін болмады – 6:0.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Роттгеринг 4 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

Омарханов 1 эйспен ғана шектелді. Әмір Омархановтың «Үлкен дулыға» турнирінде ширек финалға дейін жетуінің өзін зор табыс деп бағалауға болады.