Қоғам

Қажылыққа ұлттық киіммен барған Жазира Байырбекова көпшілікті таңғалдырды

ашық дереккөз

Желі қолданушылары өнер иесінің видеосына жарыса пікірін білдіріп жатыр.

Әнші Жазира Байырбекова Умра сапарында ұлттық киім киіп, көпшілікті таңғалдырған, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазағымның ұлттық құндылықтары жоғалмаса екен деп тіледім. Қасиетті мекенде ұлттық киім киюдегі мақсатым да осы еді», - деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Ал желі қолданушылары өнер иесінің видеосына жарыса пікірін білдіріп жатыр.

«Қажылық талабына сай киіну керек деп ойлаймын», «Арабтардың қайдағы бір киімін мақтағанша, осылай киініп мақсанса ғой...», «Қасиетті мекендегі мақсатын құлшылық болу керек», – деп жазды желідегілер.