Жаңалықтар

Майқайыңдағы апат: жоғалып кеткендердің туыстары көріпкелге жүгінді

Аталмыш жағдайға қатысты облыстық ТЖД пікір білдірді.

Майқайың кенішіндегі қайғылы оқиға болған орынға көріпкелдерді жоғалып кеткен құтқарушылардың туыстары шақырған, деп хабарлады turkystan.kz Pavlodarnews-ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Майқайың кенішінде құлап кеткен автобустағы құтқарушыларды іздестіруге Айгүл есімді көріпкелдің шақыртылғаны туралы ақпарат тарады. 

Павлодар облысы төтенше жағдай департаменті балгер құтқарушылардың іздеу-құтқару жұмыстары жасалып жатқан орынға жақындамаған.

Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен басқа да мамандар нұсқаулыққа сәйкес жұмыс істейді. Топырақтың қозғалуын сканерлеуге арналған жабдық, геосканер және металл іздегіш пайдаланылады. Сондай-ақ, шұңқырдың түбінде кинологиялық бригадалар үнемі жұмыс істейді. Жұмыс бағыты мамандандырылған аспаптардың көрсеткіштеріне қарай реттеледі.