Спорт

Канвон-2024: Қазақстандық хоккейшілер қола жүлдеге ие болды

bassport.kz

Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге үш медаль бар: 1 алтын және 2 қола.

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлады turkystan.kz BasSport.kz басылымына сілтеме жасап.

Қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында 3×3 хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы үшінші орынға қол жеткізді. Қола медаль үшін таласта жерлестеріміз Австриядан 6:5 есебімен басым түсті.

Қазақстан - Аустрия - 6:5 (4:1, 1:2, 1:2)

Осылайша Қазақстан құрамасының еншісінде әзірге үш медаль бар: 1 алтын және 2 қола.

3х3 хоккейде өнер көрсеткен өрендеріміз: Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангер Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әнуар Ахметжанов.