Несиесінен құтыла алмаған тараздық зейнеткер бүйрегін сатуға мәжбүр

Несиесінен құтыла алмаған тараздық зейнеткер бүйрегін сатуға мәжбүр

Несиесінен құтыла алмаған тараздық зейнеткер бүйрегін сатуға мәжбүр
ашық дереккөзі

Банктегі несиесін төлеу үшін тараздық кейуана бүйрегін сатуға мәжбүр. Бұл жөнінде "Замана" басылымы хабарлады. 

Басылым редакциясына хабарласып, өзін Гүлжан деп таныстырған зейнеткер мән-жайды толық баяндап берген. Кейуананың мұндай шешімге келуіне банк алдындағы берешегі мен тұрмыс­тық жағдайы себеп болған.
"Менің жасым 65-те. «Асарымды асадым, жасарымды жасадым» дей­тіндей жастамын. Сары аурумен, туберкулезбен ауырған емеспін. Мұндай кесел тұқымымызда да болмаған. Ал сіздерге хабарласып тұрғаным, бүйрегімді сатпақшы едім. Өйткені басымда баспанам жоқ. Екіншіден, банк­тен несие алып едім, содан құ­ты­ла алмай жатырмын. Кезінде қыздарымның бірін ұзатқанда еш­кімнен кем болмасын, соңынан сөз ілеспесін деп «Халық банкінен» ақша алуға мәж­бүр болдым. Бүгінде оның 337 мың теңгесі қалды. Айына 10 мың теңгеден құямын. Бірақ осының өзі маған ауыр. Өзім пәтер жалдап тұрамын. Зейнетақым пәтерақы мен банк қа­рызынан артылмайтындықтан қи­на­лып қалдым. Содан ойлана келе осындай шешімге келдім. Бүйрегім ешқашан ауырған емес", - деген ана бұндай шешіміне ұл-қыздары қарсы болмайтынын атып отыр. "Олардың ешқайсысы қарсы болмайды. Тіпті олардың менімен жұ­мысы да жоқ. Керек болсам жүр­меймін бе солардың үйінде?", - деген ананың айтуынша, бес қызы да тұрмыста отағасы 2011 жылы қаза болған. "Банкке беретініңіз айына 10 мың теңге болса, қыздарыңыз қа­рай­ласар мүмкін", - деген басылымының сауалына зейнеткер егер балаларым көмектессе мұндай қадамға бармас едім деп отыр. Баспанадан тарыққан ана бүйрегінен түскен ақшаға арзандау үй  іздемек.