Елордада автобус паркінің 7 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылды
Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде 127 әкімшілік бұзушылық анықталды.
Астанада жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманы сақтау және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша «Автобус» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 667 автобустың жылыту жүйесінің техникалық жағдайына, электр жабдығына және басқа да бұзушылықтарға сәйкестігі тексерілді. Тексеру нәтижелері бойынша автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде жолаушылар тасымалдаушыларымен жіберілген 127 әкімшілік бұзушылық анықталды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 2 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 8 фактісі тіркелді. Сондай -ақ, қоғамдық көлікті басқару кезінде 33 жүргізуші телефонды пайдаланған және 32 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған, - деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.