Түркістан облысында білім бөлімінің бухгалтерлері 400 млн теңге жымқырған
Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті қызметкерлері анықтады.
Түркістан облысы Келес ауданы білім бөлімінің бухгалтерлері сеніп тапсырылған мүлікті заңды иемденді деген күдікті ілінді.
Агенттіктің мәліметінше, олар 2021-2023 жылдар аралығында білім беру мекемесінің қызметкерлерінің көрінеу жалған мәліметтерін базаға енгізген. Мектеп қызметкерлерінің карта шоттары мен жеке сәйкестендіру нөмірлері (ЖСН) есепшілермен байланысты азаматтардың ЖСН-не ауыстырылған. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залал 400 млн теңгеден асады.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.