Жаңалықтар

Сарыағаш қаласында үшем дүниеге келді

Түркістан облысы ДСД

Үшемге туыстары Әмина, Сабина және Медина есімдерін қойған.

Сарыағаштық 38 жастағы көпбалалы ана Гүлмира Даурбаева үш қызды дүниеге алып келді.

Нәрестелердің салмағы 2 кг, 2 300 және 1 900 грамм болды. Батыр анаға дәрігерлер кесарь тілігі арқылы ота жасап, босандырып алған. Қазіргі таңда мерзімінен бұрын туған сәбилердің жағдайы бірқалыпты. Үшемге туыстары Әмина, Сабина және Медина есімдерін қойған.

«Үшем босанатынымды алғаш естіген кезде қатты қобалжыдым. 5 балалы болған соң, сәбилі болуды жоспарламадым. Күтпеген жерден дәрігерге қаралып, үшемді болатынынымды естігенде басқаша сезімде болдым», - дейді батыр ана.

Сарыағаштық батыр ана бүгінде 8 баланың анасы атанды. Мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан нәрестелерге жансақтау бөлімінің мамандары тарапынан ерекше күтім жасалған.