Жаңалықтар

Алматы маңында тағы 3 рет жер сілкінді

Ашық дереккөз

Сағат 00:45-те, 01:33-те, 01:59-да жер асты дүмпуі сезілді.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында болған бірнеше рет жер сілкінісін тіркеді.

Бүгін, 25 қаңтар күні сағат 00:45-те жер сілкінді. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 261 км қашықтықта Қытай аумағында жатыр.

Зілзаланың энергетикалық класы 10.9. Магнитудасы 4.9 MPV. Бағыты 41,33° с. е. 78,81° ш. б. Тереңдігі 15 км. Қазақстан аумағында сезілмеген.

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісінің мәліметтері бойынша, тағы бір жер сілкінісі сағат 01:33-те тіркелді. Ошағы Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 262 км қашықтақта Қытай аумағында жатыр.

Энергетикалық класы 104. Магнитудасы 4.6. MPV. Ошағы 41,19° с. е. 78,54° ш. б. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында сезілмеген, – деп жазылған хабарламада.

Сағат 01:59-да үшінші мәрте жер асты дүмпуі тіркелді. Оның ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта Қытай территориясында жатыр.

Энергетикалық класы 10.4. Магнитудасы 4/9 MPV. Ошағы 41,09° с. е. 78,57° ш. б. Тереңдігі 5 км. Қазақстанда сезілмеген.