Қоғам

Маңғыстауда мүмкіндігі шектеулі баланы жасөспірімдер соққыға жыққан

ozgeris.info

Жаппай ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр. Оның ата-анасы кінәлілерді жазалауды талап етеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Inbusiness.kz сайтының мәліметінше, бұл мүмкіндігі шектеулі балаға жасалған алғашқы шабуыл емес. Анасының айтуынша, өткен жылдың қыркүйек айында бір топ бала Мейрамбекті ұрып-соққан. Сол кезде алған жарақаттарынан кейін жасөспірімде талма ауруы пайда болып, оған 2- дәрежелі эпилепсия диагнозы қойылып, мүгедектіктің үшінші тобы тағайындалды.

«Неге кінәлілер тайраңдап жүргенін білмеймін. Осы іс бойынша айыптылар ешқашан жазаланбаған. Іс жалғасуда. Міне, тағы шабуыл жасады. 20 қыркүйек, сағат 06:30 шамасында болды. Ұлым досымен дүкеннің жанында тұрады. 8 адам  жабылып ұрып кеткен. Күдіктілер белгілі, олардың жеке басы анықталған», - дейді зардап шеккен баланың ата-анасы.

Кәмелетке толмаған Мейрамбек Рахымбердіні жаппай ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

«Бұл факт ҚР ҚК 293-бабы бойынша бұзақылық ретінде тіркелді. Шабуылдаушы жасөспірімдердің жеке басы анықталды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД қызметкерлері.

Жалпы Құрық ауылы жасөспірімдер арасындағы төбелес бойынша бірнеше рет тізімге ілінген.