Қоғам

Лифтіде сыра ішіп тұрған астаналық полицей видеоға түсіп қалды

Видео әлеуметтік желіде тарады.

Лифтіге сыра ішіп кірген полицейлер видеоға түсіп қалды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Желі қолданушыларының ойы екіге бөлінген. Бірі бұл полицейлердің жұмыс уақытынан тыс кезде болған жайт екенін айтса, енді бірі полицейлер қоғамдық орында сырамен көзге түспеуі керек еді дейді. 

Бұл дерекке қатысты Астананың Полиция департаменті өкілдері жауап берді. Видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген.