Жаңалықтар

Ветеринария саласына жауаптылар қайда қарап отыр? – депутат

сурет: parlam.kz

Депутаттар ветеринария саласындағы өзекті мәселелерді көтерді

«AMANAT» партиясы фракциясының депутаттары Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа депутаттық сауал жолдап, ветеринария саласындағы сұрақтарға жауап іздеді.

Статистика көрсеткендей, елімізде жыл сайын жануарлар мен адамдарда «сібір күйдіргісін» жұқтыру жағдайлары тіркеледі. Індет болған соң, адамға да жұғып жатады. Айтпақшы, барлық жұқтырған жануарлар олармен байланыста болған жануарлармен бірге өртенді. Сол өлген малдың көңі тазаланды ма? Ал, топырағы ше? Бұл жабулы қазан күйінде қалып отыр. Сондай-ақ, індеттерге мемлекеттен вакциналарды сатып алуға жыл сайын ондаған миллиард теңге бөлінеді. Сонда сол қаражат далаға кеткені ма? Осы орайда, ветеринария саласындағы уәкілетті орган жыл сайын біздің елде жеке үй шаруашығында инфекциялар пайда болған кезде немен айналысады деген сұрақ туындайды, – дейді депутаттар.

Бір сөзбен айтқанда, біз уақтылы вакцинациялауға және жануарлар мен адамдарға жұқтырудың алдын алуға дайын емеспіз.

Өкінішке орай алдағы уақытта Қарағанды облысындағы жаға ұстатын жағдайлар әбден қайталануы мүмкін. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздестестірудің амалын қарайтын уақыт. Ал қолында аз­ған­тай малы бар жұрт сенген ветеринар мамандардан айтар­лықтай қайыр болмай тұр. Себебі жұмыс істемейтін зертхана мен шайлығына жетпейтін жалақы оларды қажытқандай. Шындығын айтқанда, жастар жағы бұл салаға жолағысы келмейді. Қазір мал базарлары мен ет сататын дүкендер өте көп. Тіпті қазір әлеуметтік желілер арқылы да ет сатып жатыр. Бірақ сатылымда тұрған қандай ет, малға ауру жұқпаған ба, оны ескеріп жатқандар шамалы. Сатылымдағы еттер зертханалардан тексерістен өтіп, ветеринар мамандардың рұқсаты барма? Мұның бәрін бақылап жатқан жан бар ма? Мал базарлар, жалпы ет сататын жерлер жекенің қолында. Әр жекенің өз ветеринарары бар. Бірақ ол мал дәрігері иесінен ақша алып отырған соң жаман өнім келіп жатса да шикілігін айта қоймас. Мал өнімдерін қайта өңдеу, қала базарларындағы ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларының көбі – жекеменшік иелерінде. Сондықтан, етке берілетін анықтамаларды оңды-солды беруді тоқтатсақ.

Сонымен қатар, бізде вакциналарды сақтау кезінде және тасымалдау шарттары толық орындалмай жататыны да айтылды. Осыған байланысты депутаттар нақты сауалдар жолдады.