Жаңалықтар

BoxNation : Головкинді тек Альварес тізе бүктіре алады

ашық дереккөзі

BoxNation : Головкинді тек Альварес тізе бүктіре алады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин жеңіліп көрмеген 5 үздік боксшының қатарына енді. BoxNation телеарнасы жасаған рейтингте отандасымыз 4-сатыға табан тіреді.  Алғашқы орында Никарагуаның былғары қолғап шебері Роман Гонсалес тұр. Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық боксшы – орта салмақта ең көп нокаут жасағандардың бірі. Ол өткізген 36 кездесуінің 33-ін уақытынан ерте аяқтады. Головкин енді 18 наурыз күні шаршы алаңға шығады. Қарсыласы – америкалық Дэниэл Джейкобс. Британдық арнаның пікірінше, Головкиннің ең үздік жеңісіне канадалық Давид Лемьеге қарсы кездесуде жеткен. BoxNation телеарнасы мамандарының пікірінше, қазақстандық боксшыны тізе бүктіруге тек мексикалық Сауль «Канело» Альварес қауқарлы. BoxNation рейтингісі: 1. Роман Гонсалес (46-0) 2. Ваенхонг Менайотин (45-0) 3. Деонтей Уайлдер (38-0) 4. Геннадий Головкин (36-0) 5. Майки Гарсия (36-0) 6. Хильберто Рамирес (34-0) 7. Дэнни Гарсия (33-0) 8. Терри Флэнаган (32-0).