Жаңалықтар

Алматыдағы жер сілкінісі: 19 нысанға зақым келген

Жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түсті.

Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен Республикалық жедел штабтың жұмысы жалғасуда. 

Жедел желі телефондарына азаматтардан 800-ден астам қоңырау келіп түсті. Алматы облысының аумағында 19 объектіге зақым келген. Негізінен қабырғаларда жарық пайда болған.