Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

Облыс тұрғындарына таулы аймақтарға барудан бас тартуға кеңес беріледі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің облыс тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазселденқорғау» ММ «ШҚАПБ» филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға байланысты 23-25 қаңтар аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүруі мүмкін.