Жаңалықтар

Астанада QR код көмегімен автобустың нақты келу уақытын көруге болады

Аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады.

Астанада жолақысын электронды төлеу және диспетчерлеу жүйесін жаңғырту аясында аялдамаларды цифрландыру жұмыстары басталды, деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Енді аялдамаларда QR коды бар арнайы жапсырмалар орналастырылады. Оларды сканерлеу арқылы бағдарлардың нақты келу уақытын көруге болады.

Бүгінде QR кодтары бар жапсырмалар 225 аялдамаға орналастырылды. QR коды бар сызбаларды орналастыру бойынша жұмыс әлі де жалғасады.