Қоғам

Алматыда кәсіпорындар мен ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр – еңбек инспекциясы

Алматы әкімдігі

Басқарма қызметкерлері өндірістік объектілер бойынша жедел мониторинг жүргізіп жатыр.

Алматы қаласының Еңбек инспекция басқармасы 23 қаңтарда барлық кәсіпорындар мен ұйымдар штатты режимде жұмыс істеп жатқанын және жер сілкінісіне байланысты өндірістік жарақаттар тіркелмегенін мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Басқарма қызметкерлері өндірістік объектілер бойынша жедел мониторинг жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар басқармада кезекші мемлекеттік еңбек инспекторлар еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар бойынша хабарламаларды қабылдап, тіркеп отыр.

«Басқарма жедел жәрдем станциялары мен төтенше жағдай департаментімен тығыз байланыста. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардан зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.