Бүгін Алматы мектептері мен колледждерінде сабақ болмайды

23 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
Ашық дереккөз
Бұл туралы Алматы қалалық білім басқармасы мәлім етті.

Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде бірінші ауысымдағы сабақтар болмайды.

«Қала мектептері мен колледждерінде түні бойы халықты қабылдау пункттері жұмыс істеуіне байланысты, 23 қаңтар күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде 1-ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалар штаттық режимде жұмыс істейді, балаларды әкелу - ата-аналардың қалауы бойынша», - деп хабарламада.

Еске салайық, түнде Алматыда 5 балл деңгейінде жер сілкінді.

Тэгтер:

мектеп Алматы Жер сілкінісі Колледж сабақ Бүгін 23 қаңтар