Алматы автобустарында жүргізушілер жолаушылардан оқшауланады
Автобус жүргізушісі мен жолаушы арасына қалқа орнату жоспарлануда.
Алматы автобустарында жүргізуші отыратын жер қоршалатын болады. Бұл туралы turkystan.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
«Дабыл түймесіне келер болсақ, бізге ұсыныс түсті. Қазір техникалық мүмкіндіктер қарастырылып жатыр, егер болашақта мұны жасауға мүмкіндік болса, әрине, іске асырамыз. Бұл мәселе әлі де талқылануда. Сондай-ақ қазір жаңа автобустар сатып алынып жатыр, жүргізуші мен жолаушы арасына қалқа орнатуды жоспарлап отырмыз», - деп жауап берді қалалық мобильділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаев.
Басқарма басшысы бұл мәселелер 2023 жылдың желтоқсанында болған апаттан кейін қарастырыла бастағанын атап өтті.