Танымал актрисаға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады
Белгілі болғандай, актрисаның сүйіктісі үйленуге ұсынысты Мальдив аралдарында жасаған.
Қазақстандық танымал актриса Фариза Ескермес жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын бөлісті.
Ер азамат ғашығын жағалауға кездесуге шақырып, оған естен кетпес тосынсый ұйымдастырған.
«Ең керемет жанға «иә» дедім. Бұл кеш мәңгі есімде қалады. Бұл күні арал толығымен бізге тиесілі болды. Үнді мұхиты, жұлдызды аспан, қасымда ең керемет жігіт, өте дәмді кешкі ас және жаңа гауһар тастар. Бәрі мен армандағандай», - деп жазды Фариза Ескермес.