Испаниялық ұйым 250 босқынның өмірін арашалады

Испаниялық ұйым 250 босқынның өмірін арашалады

Испаниялық ұйым 250 босқынның өмірін арашалады
ашық дереккөзі
Испаниялық Proactiva Open Arms үкіметтік емес ұйымыЛивия жағалауынан 250 мигрантты құтқарды деп хабарлайды 24.kz. Босқындар екі үрлемелі қайыққа бөлініп мінген. Дені – Африкадан шыққан азаматтар. Қазір олар Италия жағалау қызметінің мамандарына тапсырылған. Айта кетейік, бүгінде отанындағы соғыс пен экономикалық дағдарыстан қажыған көп адам жарқын өмір іздеп, Кәрі құрлыққа ағылып жатыр. Мұнда жеткізетін негізгі төте жол Жерорта теңізі болып отыр. Суды кесіп өту үшін босқындар амалсыз заңсыз адам тасымалдаушылардың қызметіне жүгінеді. Олар қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, орта жолда суға кетіп жатқандар да жетерлік. Босқындар көшімен күресу мақсатында құрылған Proactiva Open Arms ұйымы осындай жандарға жәрдем берумен айналысады. Иеліктерінде балық аулайтын бір ғана қайығы бар. Дегенмен бұлар жыл басынан бері 2000 адамның өмірін ажалдан арашалап қалған.