Қоғам

Алматыда аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін сырғанақ салынды

Қысқы сырғанақ тебу маусым аяқталған соң құрылым бұзылады.

«Терренкур» демалыс аймағының тоғанында қысқы тюбингтерге арналған 50 метрлік сырғанақ салынды. «Снежная горка» әлеуметтік жобасы жеке қаржы есебінен орнатылды, деп хабарлады turkystan.kz.

Almaty арнасының мәліметінше, бұл үшін күзде тоған суы құрғатылған. Қысқы сырғанақ тебу маусым аяқталған соң құрылым бұзылады.

Сырғанақтың басты ерекшелігі - оның тоғанға орналасуы және сырғанақ тебуге қауіпсіз. 20 градус бұрыштық құрылым 5 бөлікке бөлінген, әрқайсысы арнайы тормен қоршалған. Ал мәреде тежегіш тор және арнайы жұмсақ қаптар бар.

Жобаның идеялық шабыттандырушысы Бауыржан Ермағанбетов айтқандай, сырғанақ жасауды күн жылы кезде ойластырған.

Оның айтуынша, басты міндет 5 жастан асқан балалардың ата-анасыз және денсаулығына қауіп төндірмей қауіпсіз сырғанау болған.

Төрт баланың әкесі Бауыржан әрқашан балаларының бос уақытын тиімді өткізуді ойлайды.

Тоғанның түбі балшықтан тазартылып, балласт төселген.

Достарымен бірге сырғанауға келген тұрғын Батырхан Бердімұратов те әсерін айтты.

Сырғанақ тебушілер арасында балаларын әкелген ерлі-зайыптылар да болды.

Сырғанақ тепкен соң демалушылар үрлемелі баллонды құрылым басына өздері алып шықпайды, ол үшін арнайы фуникулер бар. Бұл ретте, келушілер қауіпсіздік техникасын үйрететін нұсқаушылардың бақылауында болады.

Бұған қоса, кешен аумағында қоғамдық тамақтану нысандары орнатылып, террассада демалыс аймағы ұйымдастырылады.

Баллонды бір сағатқа жалға алу құны 3 мың теңге. Бір реттік сырғанау - 500 теңге. Тиісті құжатын көрсеткен әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарға қызмет тегін.