Жаңалықтар

Ауа райына байланысты 2 облыста жол жабылды

massaget.kz

4 учаскеде автокөлік құралдарының барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Жетісу және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ауа райының қолайсыздығы салдарынан 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрі үшін көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Атап айтқанда:

Жетісу облысында – 1 учаске:

«Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст.– 100 км.

Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске:

Атырау – Орал тасжолының 375-492 км, Чапаев к. – Орал қ. – 117км;

Чапаев-Жалпақтал-Қазталов тасжолында 0-213 км, Чапаев к. – Қазталов к. – 213 км;

Атырау-Орал тасжолында 189-371 км, Атырау обл. шек. – Чапаев а.– 182 км.