Қоғам

БҚО-да боранда екі адам адасып кеткен

Ашық дереккөз

Олар далаға мал іздеп шығып, адасып кеткен.

БҚО-да боранды күні адасып кеткен ер адам мен жасөспірімге патрульдік полиция қызметкері көмек көрсетті, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Орал-Тасқала тас жолымен БҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызмет аға инспекторы Омар Габбасов жолдың жабық учаскесінде қалған автомашиналар колоннасын ілестіріп келе жатқан. Біраз уақыттан кейін ол жолдың шетінде тұрып, көмек сұраған екі адамды байқайды.

Инспектор алып жүріп келе жатқан көлік ағынына қарамастан, тоқтап көмек көрсетеді. Белгілі болғандай, 30 жастағы ер адаммен оның 15-16 жастағы інісі далаға мал іздеп шығып, адасып кеткен.

Олар жолға қарай шығады, бірақ ауа-райының қолайсыздығына байланысты тасжолда қозғалыс шектеулі болғандықтан олар жол жиегінде ұзақ тұрған. Ер адамдар қатты тоңып қалған. Патрульдік көлікке отырған соң жылынып, полиция қызметкері оларды тұрғылықты жеріне - Тасқала ауылына жеткізді.