Қоғам

Көкшетауда түнгі клубтағы қыздар төбелесінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Видеодан алынған кадр

Салдарынан бір қыз ауруханаға жеткізілді

Көкшетауда түнгі клубта төбелесіп қалған екі қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Би алаңын бөліспей қалған екі қыз жұдырықтасып кеткен еді. Оларды ер адамдар да ажырата алмаған көрінеді. Салдарынан бір қыз ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, би кезінде біреуі абайсызда екіншісіне иығын тигізіп алған. Соған сөзге келіп, соңы төбелеске ұласып, шаштарынан жұлысқан. 

Салдарынан 27 жастағы жәбірленушінің басы мен ішіне зақым келген. Полиция 30 жастағы әйелді іздестірді.

Төбелесіп қалғандардың бірі – сот орындаушысының көмекшісі, ал екіншісі халыққа қызмет көрсететін мекемеде жұмыс істейді деген ақпарат бар.

“31 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны дене жарақатын келтірген. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді Ақмола облыстық полицияя департаментінің өкілі Гүлнәр Пинчук.