Қоғам

Қорғаныс министрі Жаркентте қайтыс болған сарбаз туралы айтты

Ашық дереккөз

Министр диагнозды сараптама растағанын айтты

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Жаркентте көз жұмған сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады turkystan.kz baq.kz-ке сілтеме жасап.

Мен отбасына тағы да көңіл айтқым келеді. Дерт. Бұл - менингит. Ол жылдам формада өткен. Әдетте аурудың бұл түрі тасымалдаушыларда болады. Өкінішке қарай, әскерге шақыру кезінде сарбаздарды менингиттің барына тексерілмейді, оған талап жоқ. Біз қазір бұл мәселені шешіп жатырмыз. Енді осы жағдайдан кейін әскерге шақырылған сарбаздарды тексеру бойынша шешім қабылдадым. Әскери бөлімге келгеннен кейін жастарда 100% менингококкты тасымалдауға тексереміз. Егер біз анықтасақ, ол 5-7 күн ішінде дәрі-дәрмекпен емделеді. Сосын мұндай жағдай қайталанбайды, - деп айтты Қорғаныс министрі.

Жақсылықов марқұм болған сарбаздың ата-анасы диагнозбен келіспей отырғанын айтты.

Мен өзім де әкемін. Жағдайды түсініп отырмын. Бұл бәріміз үшін үлкен қайғы. Бірақ қазақша айтқанда «ажалы келген», - деді ол.

Министр диагнозды сараптама растағанын айтты.

Айта кетейік, желтоқсанда Жетісу облысында әскерге аттанғанына 3 ай ғана болған сарбаз көз жұмған болатын. 2023 жылдың 21 желтоқсанында оның отбасына жағымсыз хабар жетіп, Әмірдің ауруханаға түскені айтылған. Көп ұзамай жас жігіт қайтыс болған.