Жаңалықтар

ТМД елдері бойынша ең қымбат такси қызметі Қазақстанда болып шықты

stan.kz

Былтыр таксопарктердің табысы 6 млрд теңгені құрады

Қазақстанда такси қызметінің құны 0,61 АҚШ долларын құрады, бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлады turkystan.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Әзербайжанда стандартты тариф бойынша 1 км үшін такси ақысы 0,59 АҚШ доллары, Ресейде — 0,34 АҚШ доллары, Украинада — 0,32 АҚШ доллары, Беларусьте — 0,31 АҚШ доллары, Армения мен Өзбекстанда — 0,3 АҚШ долларын құрайды.

"2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанда такси қызметін ұсынатын компаниялардың табысы бір жылда 17%-ке өсіп, 5,9 млрд теңгені құрады. Осы кезеңде такси қызметін 47,4 млн адам пайдаланған, бұл бір жыл бұрынғыдан 2%-ке аз", - делінген хабарламада.

2023 жылдың желтоқсаында такси тарифтері өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1%-ке өсті.

Өңірлер бойынша баға ең көп Алматы қаласында өсті: бір жылда 30,3%-ға қымбаттаған. Одан кейін баға Ақтөбе және Абай облыстарында тиісінше 22,1% және 17%-ке өскен.

Такси қызметі құнының ең аз жылдық өсімі Маңғыстау облысында тіркелді. Мұрнда баға 1,2%-ке артқан. Тағы үш облыста - Алматы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстанда баға бір жыл бұрынғы деңгейде қалды.