Қоғам

Алматы облысында 9-сынып оқушысы екі қызды қағып кетті

Видеодан алынған кадр

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Алматы облысында 9-сынып оқушысы 14 жастағы қызды көлікпен қағып кетті, деп хабарлады turkystan.kz Астана арнасына сілтеме жасап. 

Жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз алып, көшеге шыққан. Бейнебақылау камерасындағы жазбадан оның көлік тізгініне ие бола алмай, екі қызды қағып өткенін көруге болады. Абырой болғанда жаяу жүргіншілер аман, ауыр жарақат алмаған.

Қазіргі уақытта кінәлі тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, хаттама жіберілді.