Руханият

«Құлагер» әдеби байқауы жарияланды

Байқауға ақын-жазушылар қатысады.

Алматыда 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында республикалық "Құлагер" әдеби байқауы жарияланды.

«Қазақстан жазушылар одағы» мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы» ЗТБ бірлесіп ұйымдастырған әдеби байқаудың ресми ашылуы Алматы қаласында ҚР Жазушылар одағы ғимаратында өтті. 

Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, сондай-ақ Жазушылар одағының мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жазушылар одағының басқарма төрағасы алдағы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында ұйымдастырылған республикалық "Құлагер" әдеби байқауы мақсат-талаптарын да атап өтті.