Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасымен кездесті

Қазақстан Президенті Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысы Рим Папасының шақыруымен Қасиетті Таққа алғашқы ресми сапарын жасады.

Қазақстан Президенті сөзінің басында әлемдегі адамзаттың игілігі жолындағы қажымас қайраты мен қажырлы күш-жігері үшін Католик шіркеуінің Жоғарғы Понтификіне ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, барлық діндердің өкілдері Әділетті Қазақстанды құруға елеулі үлес қосуда.