Жаңалықтар

Талапкерлерге ҰБТ уақытын еске салатын SMS-хабарлама жіберіледі

Хабарламалар кәмелетке толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне де жолданады.

ҰБТ-ға тіркелген талапкерлер тестілеудің күні, уақыты мен орнын еске салатын SMS-хабарламалар алатын болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ҰБТ-ға тіркелген әрбір талапкерге app.testcenter.kz ресми сайтына тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, мұндай хабарламалар кәмелетке толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне де жолданады.

Еске салатын SMS-хабарлама қызметі тестілеу процесінің барлық қатысушылары үшін барынша айқындық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған.