Спорт

Жәнібек Әлімханұлы кубалық әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Ол былтыр қазан айынан бері өзіне қарсылас таппай жүр.

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) WBA бойынша тағы бір дивизион белбеуі бар кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы – орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін шаршы алаңда әлі жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшы. Ол қазан айынан бері өзіне қарсылас таппай жүр.