Жаңалықтар

Павлодарлық әйел 10 күннен бері табылмай жатыр

poiskoviki_pavlodara_vita парақшасынан

Жас келіншектің кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Павлодарда екі баланың анасы 26 жастағы келіншек он күннен бері іздестіріліп жатыр.

Жоғалып кеткен Диана Сағынтаева 8 қаңтарда Ертіс ауданы, Қызылжар ауылындағы үйінен Павлодар қаласына жұмыс істеу үшін шығып кеткен, содан бері хабарсыз.

Әйел қалаға таксимен сағат 21.00 шамасында келген. Куәгердің (онымен бір көлікте келе жатқан жігіт) айтуынша, келіншек көліктен Сәтбаев-Торайғыров көшелерінің қиылысына түсіруді сұраған. Осыған дейін туыстары оның жоғалғаны жөнінде хабар таратқан.

Туыстарының сөзінше, Диананың кәмелетке толмаған екі баласы мен күйеуі бар.

Волонтерлер әлі де іздеу жалғасып жатқанын хабарлады.

"Егер сіз Диананың қайда екенін білсеңіз немесе сізде басқа да маңызды ақпарат болса, сізден біздің волонтер нөмірлеріне дереу хабарласуыңызды сұраймыз:

+7 (747) 615 55 63 Катерина

+7 (777) 334 82 01 Светлана", - делінген хабарламада.