19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

19 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
Ашық дереккөз
19 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, мұндай ауа райына кең ауқымды антициклон әсер етеді.

Елдің тек батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аудандарында атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы болжанады – қар жауып, жаяу бұрқасын болады.

Қазақстанның барлық аумағында – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Тэгтер:

ауа райы Синоптик 19қаңтар