Жаңалықтар

Бір адамға 10 данадан: БҚО-да жұмыртқа дефициті туындады

mgorod.kz/Медета МЕДРЕСОВА

Ведомство бұл алыпсатарлық жағдайларын болдырмау үшін жасалғанын айтып отыр

Орал қаласында жұмыртқа дефициті туындады. Сауда орындарында өнімді бір қолға 10 данадан ғана сатып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz «Мой город» сайтына сілтеме жасап.

Орал қаласы тұрғындарының айтуынша, тұрақтандыру қорындағы жұмыртқа шектеулі түрде сатылып жатыр.

«Менің отбасым үлкен, төрт баламның үшеуі – жасөспірім. Яғни, азық-түлікті жиі аламын. Бірнеше аптадан бері сауда орнында бір қолға 10 дана жұмыртқадан ғана сатып жатыр. Міне, мен он шақты сатып алдым, ол бізге бір таңғы асқа ғана жетеді. Содан кейін қайтадан баруым керек. Мұндай шектеу қайдан келді? Тапшылықтың туындауына не себеп? Менің білуімше, біздің облыста екі ірі құс фабрикасы жұмыс істейді. Олар ішкі нарықты жұмыртқаның қажетті мөлшерімен қамтамасыз ете алмай ма?» - деп Орал тұрғыны наразылығын білдірді.

Ауыл шаруашылығы басқармасы жағдайға қанық. Ведомство бұл алыпсатарлық жағдайларын болдырмау үшін жасалғанын айтып отыр.

«Ресейге жұмыртқаның көптеп экспортталып жатқандығы туралы бізге ешқандай ақпарат түскен жоқ. Біздің кәсіпкерлер жұмыртқаны тек ішкі нарықта сатады. Біз оларды мәжбүрлей алмаймыз, оларға әкімшілік әдістермен тыйым салуға да құқығымыз жоқ. Біз, әрине, кәсіпкерлермен сөйлесетін боламыз», - деді БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдері.