Жаңалықтар

Арыста газ жарылып, екі адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Төтенше оқиға наубайханада болған.

Арыста газ баллоны жарылып, 2 адам ауыр халде ауруханаға түсті, деп хабарлады turkystan.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Төтенше оқиға наубайханада болған. 

Құтарушылардың ақпаратына сүйенсек, термиялық күйік шалған екі қызметкер ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнынан 50 литрлік екі газ баллоны және 25 литрлік екі баллон шығарылды.