Қоғам

Қостанай облысында малшы қатты аязда үш күн адасқан

Іздестіруге 50 адам қатысты, тікұшақ та пайдаланылды.

Қостанай облысында қатты аязда жоғалып кеткен шопан үш күннен соң тірі табылды.

Арқалық қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Асылхан Нұрғалиев табылған шопан Талғат Кенжин жатқызылған Арқалық аудандық ауруханасына барды.

Үш күн ішінде ауа райы қолайсыз болса да 50 адамнан тұратын топ іздеу жұмыстарын тоқтатпаған.