Елімізде алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

17 қаңтар, 2024 / Меруерт Сағымхан
ашық дереккөз
Алдағы күндері температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі.

Қазгидромет еліміз бойынша 18-20 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, ауқымды антициклон бәсеңдей бастайды. Осыған байланысты температуралық фонның біртіндеп көтерілуі және аздаған қар күтіледі. 

«Елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашынның арты қарға ұласады.  Көктайғақ болып, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда ел аумағында тұман күтілуде», – делінген хабарламада.

Тэгтер:

Қазақстан ауа райы Қазгидромет қаңтар қыс