Тұман, аяз: 17 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

17 қаңтар, 2024 / Анель Жарылғасын
Ашық дереккөз
Антициклон әсерінен бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады, жауын жаумайды.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, тек республиканың батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады және жел күшейеді.

Тэгтер:

тұман ауа райы Қазгидромет Синоптик аяз 17 қаңтар