Димаш Құдайберген «Дайдидау» әнін орындады

Димаш Құдайберген «Дайдидау» әнін орындады

Димаш Құдайберген «Дайдидау» әнін орындады
ашық дереккөзі
Қытайдың Хунань телеарнасының «I’m a Singer» байқауының жетінші кезеңі эфирден көрсетілді. Жобаға қатысып жатқан Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық музыка аспаптар өркестрінің сүйемелдеуімен «Дайдидау» әнін шырқады. Димаш «Дайдидау» әнін айтпас бұрын домбырамен Құрманғазының «Адай» күйін шертіп, дүйім жұртты таң қалдырды. Бұған дейін ол Лара Фабианның «Адажио» әнін айтқанда пианинода ойнаған болатын. Жетінші кезеңнің қорытындысында бірінші орынды гонгоктық Sandy алса, жобаға жақында ғана қосылған Қытай әншісі Ли Циянь екінші орынға ие болды. Ал Чжан Бичжэн жобадан шығып қалды. Жобаның іріктеу бәсекесінің төрт айналымы (8 кезеңі) өз мәресіне жетті. Жобаға қатысушы бастапқы жеті әншіден тек үш адам қалды. Алда тек екі кезең бар. Сегізінші кезеңде Димаш тамағының ауыруына қарамай, Қытайша «Таң» атты әнін орындап шықты. ҚазАқпарат мәліметі бойынша төртінші айналымның (жетінші және сегізінші кезең) қорытындысы бойынша Димаш жалпы есепте бесінші орынға тұрақтады.