Жаңалықтар

Ақтауда арықтатын дәрі ішкен әйелдің жүрегі 5 минут соқпай қалған

Әйелдің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған.

Ақтауда арықтаймын деп дәрі ішіп, жүрегі 5 минут бойы тоқтап қалған 30 жастағы тұрғын дәрігерлердің көмегімен аман қалды, деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Әйелдің жүрегіне арнайы аппаратпен дер кезінде ота жасалған.

Дәрігерлер қазір науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.